Сарысу ауданының Төтенше жағдайлпр бөлімі жергілікті органдармен бірлесіп тұрғын үйлер мен жапсарлас мейрамханаларда, дәмханаларда өрт қауіпсіздігі және тұрмыстық газ баллондарын пайдалану қағидалары бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тұрғындар мен кәсіпкерлерге өрттің алдын алу, газды қауіпсіз қолдану, баллондарды белгіленген орынға орналастыру және олардың техникалық жарамдылығын үнемі тексеру қажеттігі айтылды.
Жауап қалдыру