
Аудан әкімі Мұрат Сердалин азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді. Қабылдауға Чапаев ауылдық округі әкімінің орынбасары Сәкен Сарбупеев, аудандық бөлім басшылары мен тиісті сала мамандары қатысып, тұрғындардың көтерген мәселелерін жан-жақты қарастырды.
Қабылдау барысында аудан тұрғындары медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жол инфрақұрылымын жақсарту, әлеуметтік қолдау шаралары және өзге де өзекті мәселелер бойынша өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді. Әрбір азаматтың өтініші мұқият тыңдалып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті түсіндірмелер берілді.
Аудан басшысы тұрғындар тарапынан көтерілген барлық мәселелер тұрақты бақылауда болатынын атап өтіп, жауапты мекеме басшылары мен сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, әрбір өтініштің заң аясында қаралып, нәтижелі шешілуі қамтамасыз етілетінін жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-akzhaik/press/news/details/1245000?lang=ru

Жауап қалдыру