
Ұрпақтарды біріктіретін спорт
Қазақстан полициясы күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Арнайы және кәсіби даярлық басқармасы ІІМ-нің «Арлан» спорт клубының қолдауымен ішкі істер органдары қызметкерлері, ардагерлері және олардың балалары арасында үстел теннисінен турнир ұйымдастырды.
Спорттық шараға 53 қатысушы жиналып, теннис үстелдері басында әртүрлі буын өкілдерін тоғыстырды. Турнир салауатты бәсеке, спорттық жігер және шынайы әріптестік рухында өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша ересектер арасында:
- Серік Ақатаев (ІІО ардагері);
- Александр Чуев (ІІО ардагері);
- Досым Асанов (ЖҚАЖ) және Жандос Елеманов (Арнайы және кәсіби даярлық басқармасы) жеңімпаз атанды.
Балалар арасында жүлделі орындарға:
- Диас Сақуанов;
- Рамазан Рауанұлы;
- Марк Грачёв ие болды.
Жарысқа ішкі істер органдарының ардагерлерінің қатысуы іс-шараға ерекше мән берді. Олар спортқа адалдық, белсенді өмірлік ұстаным және дәстүрге деген құрметтің қызмет жылдары аяқталғаннан кейін де сақталатынын дәлелдеді. Жас қызметкерлер мен балалар үшін мұндай кездесулер тек спорттық дода ғана емес, аға буынның мол тәжірибесінен тағылым алуға мүмкіндік береді.
Осы күні теннис үстелінің басында ішкі істер органдарының өткені, бүгіні мен болашағы тоғысты. Турнир қатысушыларға жарқын әсер сыйлап, достық қарым-қатынасты нығайтты әрі полиция бауырластығының күші ұрпақтар сабақтастығында, өзара құрмет пен бірлікте екенін еске салды. Бұл құндылықтар қызмет барысында ғана емес, одан тыс уақытта да сақталып келеді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1244859?lang=ru

Жауап қалдыру