WHATSAPP АРҚЫЛЫ ЖАҢА АЛАЯҚТЫҚ СХЕМАСЫ – АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алаяқтар WhatsApp желісі арқылы жалған хабарламалар таратуда. Бұл хабарламаларда алаяқтар өздерін «WhatsApp қауіпсіздік орталығы» немесе «ресми тексеру қызметі» ретінде таныстырады.

📩 Сізге келетін хабарламада әдетте мынадай мазмұнда болады:
– «Сіздің аккаунтыңыздан қауіптер анықталды»
– «Аккаунтыңыз бұғатталуы мүмкін»
– «Растау үшін START батырмасын басыңыз»

‼️ НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Қаскөйлер ақпаратты белгісіз жеке нөмірлер арқылы жібереді.

🔒ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ:
WhatsApp ешқашан жеке нөмір арқылы қауіп туралы ескерту жібермейді және хабарламаларды тек ресми аккаунтынан ғана жолдайды.

⚠️ Алаяқтардың басты мақсаты:
– сіздің аккаунтыңызды басып алу
– растау кодтарын ұрлау
– жеке деректеріңізге қол жеткізу
– және сіздің атыңыздан басқа адамдарды алдау

Бір ғана қате қадам – аккаунтыңыз толық бақылаудан шығады!

🚫 ЕШҚАШАН БАСУҒА БОЛМАЙДЫ:
– “START”
– “VERIFY”
– кез келген күмәнді сілтеме
– немесе растау кодтарын енгізу

🛑 Қорғану ережелері:
✔ Күмәнді хабарламаны ашпаңыз
✔ Сілтемелерге өтпеңіз
✔ Кодтарыңызды ешкімге бермеңіз
✔ Бейтаныс нөмірлерді бұғаттаңыз
✔ Хабарламаны бірден өшіріңіз

💡 Бұл – жай ғана хабарлама емес. Бұл – сіздің аккаунтыңызды, ақшаңызды және жеке деректеріңізді ұрлауға бағытталған нақты шабуыл!

📢 Өз қауіпсіздігіңіз өз қолыңызда! Қырағылық танытыңыз, жақындарыңызды да ескертіңіз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1244535?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді