Жанама ауылында хатымқана аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жасыл ел жастар еңбек жасағының маусымдық жұмыс жоспарына сәйкес Жанама ауылындағы хатымқана ауласында абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстары ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында жасақ сарбаздары нысанның іргелес аумағын қаулап өскен жабайы шөптерден тазартып, аумақты ретке келтірді. Атқарылған жұмыстар ауылдың санитарлық жағдайын жақсартуға, эстетикалық келбетін көркейтуге және мәдени-рухани нысандарға деген құрметті арттыруға бағытталды.

Ауылдық округ аумағында қоршаған ортаны қорғау, санитарлық тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті дамыту бағытындағы кешенді жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhanama/press/news/details/1244926?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді