
Отырысқа комиссия мүшелері: Р.Р. Шарипов, Т.С. Жұманов және «Петропавл қаласы мәслихатының аппараты» КММ басшысы – Қ.М. Макина қатысты.
Шақырылғандар: Ғ.А. Абаев – «Солтүстік Қазақстан облысы Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» РММ басшысының орынбасары, Ж.С. Садуев – «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаменті» РММ басшысының м.а.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды:
-
Петропавл қаласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс туралы.
-
Қоршаған ортаны қорғау, ауаның ластануының жоғары деңгейімен күрес және Петропавл қаласында экологиялық салауаттылықты қалпына келтіру бойынша қабылданып жатқан шаралар.
Сөз сөйлегендер: Ғ.А. Абаев – «Солтүстік Қазақстан облысы Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» РММ басшысының орынбасары, Ж.С. Садуев – «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаменті» РММ басшысының м.а.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-petropavl/press/news/details/1245455?lang=ru

Жауап қалдыру