🏅👏 Құттықтаймыз!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🏅👏 Құттықтаймыз!
Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында басқармада 20 жыл бойы үздіксіз еңбек етіп келе жатқан ономастикалық жұмыстар және талдау бөлімінің тәжірибелі бас маманы Ақгүл Төлібайқызы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті төрағасының Алғыс хатымен марапатталды.
Әріптесімізді лайықты марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы қызметіне толағай табыс, зор денсаулық, қажымас қайрат, жауапты міндеттеріне сәттілік және отбасына амандық пен бақ-береке тілейміз! 🌷
✨ Еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз арта берсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-til/press/news/details/1246320?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді