
Құрметті округ тұрғындары!
❓ Өтініш мәселесі бойынша қай органға жүгіну қажет?
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес, өтініш мемлекеттік органның құзыретіне сәйкес жолдануы тиіс.
Егер өтініш құзыретіне кірмейтін органға жолданған жағдайда, ол тиісті мемлекеттік органға қайта жолданады. Бұл өз кезегінде өтінішті қарау мерзімінің ұзаруына әкелуі мүмкін.
Осыған байланысты, өтініш жолдамас бұрын мәселенің қай мемлекеттік органның құзыретіне жататынын нақтылап алған жөн.
📌 Өтініште мәселенің мәнін нақты әрі толық көрсету, мекенжайды және байланыс деректерін дұрыс жазу оның сапалы қаралуына ықпал етеді.
📌 Мемлекеттік органдарға өтініштерді «e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы немесе тікелей жолдауға болады.
Өтінішті дұрыс жолдау – мәселенің уақытылы шешілуінің кепілі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eskeldi/press/news/details/1247656?lang=ru

Жауап қалдыру