
2026 жыл 25 маусым күні Көктерек ауылдық округінде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында eGov жүйесінің рөліне арналған ақпараттық кездесу өткізілді. Іс-шара барысында ауыл тұрғындарына электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі нақты мысалдармен көрсетіліп, туындаған сұрақтарына жан-жақты жауап берілді.
Кездесу барысында eGov порталының негізгі мүмкіндіктері таныстырылып, анықтамалар алу, өтініштер беру, әлеуметтік төлемдер мен мемлекеттік қызметтерді онлайн рәсімдеу жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, тұрғындарға мобильді қосымша арқылы қызметтерді пайдалану, электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану және цифрлық қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде ақпарат берілді.
Шараның мақсаты – халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру, мемлекеттік қызметтерді алу процесін жеңілдету және электрондық сервистерді кеңінен қолдануға ынталандыру. Кездесу соңында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, цифрлық технологиялардың күнделікті өмірдегі маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-kokterek/press/news/details/1247592?lang=kk

Жауап қалдыру