
Құрметті мемлекеттік қызметшілер!
Сіздерді 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекеттік қызмет – жоғары жауапкершілік пен кәсібилікті талап ететін маңызды сала. Халықтың сенімін ақтап, ел игілігі жолында аянбай еңбек ету – әрбір мемлекеттік қызметшінің абыройлы міндеті.
Бүгінде сіздер қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты нығайтып, өңірлердің дамуына, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және мемлекеттік саясаттың тиімді жүзеге асуына зор үлес қосып келесіздер.
Осы мерекелі күні баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс пен толағай жетістіктер тілеймін. Ел игілігі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болып, абыройларыңыз арта берсін!
Құрметпен,
Еркен Сағандықов
Семей қаласы мәслихатының төрағасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/semeymaslihat/press/news/details/1245860?lang=ru

Жауап қалдыру