
23 маусым – Қазақстан полициясы күніне орай Байзақ аудандық полиция бөлімінде салтанатты жиын ұйымдастырылып, қоғамдық тәртіп пен заң үстемдігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.
Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов пен аудандық мәслихат төрағасы Бақтияр Ақбаев құттықтау сөз сөйлеп, құқық қорғау саласы қызметкерлерінің қоғамдағы маңызды рөліне тоқталды. Олар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және заңдылықты нығайту жолындағы полицейлердің еңбегін жоғары бағалап, кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Салтанатты жиында өз қызметінде жоғары нәтижелер көрсетіп, ауданның қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан бірқатар полиция қызметкерлері аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Сонымен қатар, Байзақ ауданының Құрмет грамотасымен қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Бақдәулет Тұрсынбек марапатталды.
Шара барысында жергілікті ақын Рай Дөңбайдың полиция қызметкерлеріне арналған арнауы оқылып, мерекелік жиынның мазмұнын аша түсті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1246751?lang=ru

Жауап қалдыру