23 маусым Қазақстан Республикасының полиция күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті полиция қызметкерлері мен сала ардагерлері!

Сіздерді 23 маусым – Қазақстан полициясы күнімен құттықтаймын!

Ішкі істер органдары мемлекеттік биліктің ең маңызды құрылымдарының бірі ретінде қоғамда құқықтық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде айрықша маңызға ие.

Елдегі тыныштық пен тұрақтылықты сақтап, беріктікті нығайту мақсатында құрылған қазақстандық полиция қызметі бұл күндері Тәуелсіздігіміздің қастерлі міндеттеріне көлеңке түсірмей, ел тыныштығын сақтауға өз үлестерін қосып келеді. Олардың қатарында Целиноград ауданы полиция қызметкерлері де бар екендігін мақтанышпен айта аламыз.

Әрдайым анттарыңызға адал болып, «ел қорғаны» деген атақты абыроймен арқалап, мемлекет пен халыққа аянбай қызмет ете берулеріңізге тілектеспін!

Өз қызметтік міндетіне асқан жауапкершілікпен қарап, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтың алдын алып, мемлекет тыныштығының сақталуына тынбай үлес қосып жүрген ел қорғандарының қатары көбейе берсін! Халқымыздың амандығын сақтау мен Отанымыздың өркендеуіне қосып жатқан үлестеріңіз аз емес, еңбектеріңіз әрқашан жемісті де табысты болғай!

Сіздерге зор денсаулық, қызметтеріңізге абырой, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

Ел бірлігіне сызат түспесін!

Ел іргесі бүтін, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

✍️ Игі тілекпен, Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1245987?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді