Адалдық – әрбір азаматтың басты құндылығы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды облысында мемлекеттік қызметтің адалдық қағидаттарын дәріптеуге арналған маңызды семинар-тренинг өтті!

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бағытындағы спикері Руслан Алтайұлы Тоқатов арнайы келіп, қоғам үшін өзекті тақырыптарды ортаға салды.

📌 Семинар барысында :
«Адал азамат», «Заң мен тәртіп» және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаттарын іске асыру жолдары;

Мемлекеттік органдардағы кадрлық процестердің қызметтік және еңбек қызметінің барлық кезеңдеріндегі маңызы;

Этикалық стандарттарды сақтау және мүдделер қақтығысының алдын алу;

Адалдық мәдениетін қалыптастырудың қоғам үшін маңызы.Бұл іс-шара мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби дамуына, қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға және әділдік пен ашықтық қағидаттарын нығайтуға бағытталды.

Адалдық – әрбір азаматтың басты құндылығы. Мемлекеттік қызметте әділдік пен тәртіпті сақтау – елдің тұрақты дамуының кепілі.

#ЗаңМенТәртіп
#АдалАзамат
#МемлекеттікҚызмет

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qarqaraly-qalasy/press/news/details/1246137?lang=ru