«АФМ Online 2026: Қаржылық қауіпсіздік бойынша тренинг» тақырыбында форум өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 «Заң және тәртіп» нарративін іске асыру аясында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті (бұдан әрі – Департамент) «АФМ Online 2026: Қаржылық қауіпсіздік бойынша тренинг» тақырыбында форум өткізді.

Форумға денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері мен халықты әлеуметтік қорғау саласының мамандары қатысты.

Іс-шараның мақсаты – мамандардың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру, алаяқтық схемаларды тану дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ қаржылық және цифрлық қауіпсіздік саласындағы құзыреттерін нығайту.

Форум спикерлері ретінде Департаменттің, облыс прокуратурасының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері сөз сөйледі.

Кездесу барысында келесі өзекті тақырыптар қамтылды:

• дропперлердің қызметі және қылмыстық әрекеттерге тартылу тәуекелдері;
• азаматтарды алдау мақсатында дипфейктер мен нейрожелілерді пайдалану;
• киберқауіпсіздіктің негізгі қағидалары;
• цифрландыру дәуірінде жеке деректерді қорғау және қаржыны басқару мәселелері.

Іс-шара қатысушылардың қаржылық және цифрлық қауіпсіздік бойынша тұрақты дағдыларын қалыптастыруға, құқықтық мәдениетті арттыруға және қоғамдағы қаржылық алаяқтық тәуекелдерін төмендетуге бағытталды.

Медицина қызметкерлері мен әлеуметтік қорғау саласының мамандары талқылауға белсенді қатысып, жоғары кәсіби қызығушылық пен белсенділік танытты.

Пікір алмасу барысында қаржылық қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелер көтерілді. Талқылау сындарлы жағдайда өтіп, мазмұнды әрі нәтижелі пікірталастың қалыптасуына ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-vko/press/news/details/1246940?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді