Ағымдағы жылдың 1 шілде күні “Ордакент” ардагерлер үйінде аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру мәселесі бойынша көпшіліктік тыңдау өткізу жоспарланған болатын.
Алайда, ағымдағы жылдың 19 маусымында өткізілген аудан мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі Т.Өмірбеков хабарлама жасап, жекешелендірілуі жоспарланған коммуналдық мүлікті (“Батыс Қытай – Батыс Еуропа” М32 автожолы бойынан антенна-дінгек құрылысы” жұмыс жобасы) мемлекеттік мүлік тізімінің веб-порталына жариялау мен өзге рәсімдер жүргізіліп, нәтижесі бойынша жеңімпаз анықталғанын көрсеткен.
Жоғарыда аталғандардың негізінде жоспарланған қоғамдық тыңдау өткізілмейтінін хабарлаймыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhanakorgan/press/news/details/1246026?lang=ru

Жауап қалдыру