
Бүгін аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың төрағалығымен өткен актив отырысында бірқатар кадрлық өзгерістер таныстырылды. 2026 жылғы 21 маусымда Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық заңы негізінде өткен сайлау қорытындысына сәйкес, Шиелі кентінің әкімі болып Өмірәлі Аманкелді Шералыұлы сайланды. Актив отырысында аудан басшысы жаңадан сайланған әкімдерді құттықтап, халық сенімін ақтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, ел игілігі жолында абыройлы қызмет атқаратынына сенім білдірді. Өмірәлі Аманкелді Шералыұлы 1979 жылы 7 шілдеде Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді.
2003 жылы Оңтүстік Қазақстан Ашық университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1996 жылы Шиелі аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы болып бастаған. Әр жылдары білім беру саласында, Кентау Қазақ кәсіптік колледжінде түрлі басшылық қызметтер атқарған.
2017-2022 жылдары Талаптан ауылдық округінің әкімі болды.
2022 жылдың қыркүйек айынан бастап осы уақытқа дейін Шиелі кентінің әкімі қызметін атқарып келді. Жиын соңында аудан әкімі жаңадан сайланған әкімдерге жауапты қызметтеріне табыс тілеп, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жұмыстарды сапалы әрі нәтижелі жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-shieli-district/press/news/details/1245709?lang=ru

Жауап қалдыру