Алматы облысының полициясы жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу жұмыстарын дрондардың көмегімен күшейтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы облысы Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесу мақсатында тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар жүргізуде. Аталған жұмыстың басты мақсаты – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау. Полицейлердің айтуынша, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерін дер кезінде анықтау ықтимал жол апаттарының алдын алып, олардың ауыр зардаптарын азайтуға мүмкіндік береді. Ерекше назар жол-көлік оқиғалары жиі тіркелетін қауіпті учаскелерге аударылған. Профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру үшін құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейтін кешендермен қатар, ұшқышсыз ұшу аппараттары да кеңінен қолданылуда. Дрондардың көмегімен полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын жедел анықтап, көлік қозғалысы қарқынды учаскелердегі жағдайды бақылауда ұстайды. Заманауи технологияларды пайдалану, ең алдымен, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жүргізушілердің тәртібін арттыруға және жолдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жалғасуда. Полиция жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырып, жолдағы қауіпсіздік әрбір азаматтың жауапкершілігіне байланысты екенін еске салады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1247025?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді