Алматыдағы республикалық семинарда ведомстволық архивтермен өзара іс-қимыл және «Е-Архив» АЖ-да жұмыс істеуді үйрету мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласының мемлекеттік архиві базасында мемлекеттік есеп жүргізу және ведомстволармен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ «Е-Архив» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеуді үйрету бойынша республикалық семинар өтті.

Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, сондай-ақ Шымкент қаласының, Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарының мемлекеттік және ведомстволық архивтерінің өкілдері қатысты.

Жиынның шымылдығын ашқан ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив ісі, құжаттама және кітап ісі комитеті төрағасының орынбасары Гүлзира Елібайқызы Қарсақбаева қатысушыларға кіріспе сөз арнады.

Архив ісі саласындағы заңнама мен нормативтік құқықтық актілердегі негізгі өзгерістер туралы бейінді комитеттің Архив ісі саласындағы мемлекеттік саясат және бақылау басқармасының басшысы Салтанат Нұртасқызы Тащанова баяндады. Өз сөзінде ол қатысушылардың назарын ең өзекті жаңашылдықтарға және оларды құжаттамалық қамтамасыз ету қызметтерінің жұмысында қолдану ерекшеліктеріне аударды.

Жетісу облысынан келген облыстық мемлекеттік архивтің қорлардың бас сақтаушысы Алма Амангелдіқызы Зейтунова өз өңірінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Ол құжаттарды қабылдау, есепке алу және олардың сақталуын қамтамасыз ету тәртібі туралы баяндады. Тәжірибе алмасу аясында баяндамашы өңір архивистерінің құжаттардың бар-жоғын және физикалық жай-күйін тексеруді, соның ішінде санитарлық-гигиеналық өңдеу, дезинфекциялау және жөндеу жұмыстарын қалай жүзеге асыратыны туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Семинар секциялық жұмыс аясында «сұрақ-жауап» форматында жалғасты.

 

   

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1245936?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді