Ақтөбе облысының Әділет департаментінде Мемлекеттік қызметші күніне және жаңа Конституция новеллаларын түсіндіруге арналған салтанатты іс-шара өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шара барысында департамент басшысы мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етудегі мемлекеттік қызметтің маңызды рөлін атап өтті.

   Сондай-ақ ел дамуының қазіргі саяси-құқықтық кезеңін айқындайтын конституциялық реформаларды дәйекті түрде іске асырудың маңыздылығына тоқталды.

  Сонымен қатар іс-шара аясында ҚР Конституциясының негізгі ережелері туралы баяндамамен Қ. Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университеттің «Құқықтану» кафедрасының доценті, философия докторы (PhD) Б. Тілеулесова және әділет органдарының ардагері Л. Ізімғалиева сөз сөйледі. Өз сөздерінде олар конституциялық реформаның және мемлекеттік басқаруды дамытудың өзекті мәселелерін қозғап, қатысушыларға алдағы кәсіби табыстар, қойылған мақсаттарға қол жеткізу және мемлекет игілігі үшін жемісті қызмет тіледі.

  Салтанатты іс-шара соңында көпжылдық мінсіз еңбегі, жоғары кәсібилігі, әділет органдарын дамытуға қосқан елеулі үлесі және лауазымдық міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін әділет органдарының ардагері мен бірқатар қызметкерлерге Әділет министрлігінің медалі мен төсбелгісі, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің Алғыс хаты табыс етілді.

 

Ақтөбе облысы әділет департаментінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-akt/press/news/details/1246239?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді