
23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Атырауда салтанатты іс-шара өтіп, сала үздіктері марапатталды, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Салтанатты жиында Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлы мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтап, бірқатар қызметкерге марапаттар табыстады.
Оларға «Құрмет ардагері» төсбелгісі, Атырау облысы әкімінің Алғыс хаты, «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі және өзге де ведомстволық наградалар берілді.
– Бүгінде Атырау облысында 3000-ға жуық мемлекеттік қызметші өңірдің және елдің дамуына үлес қосып келеді. Олардың күнделікті еңбегінің нәтижесінде мемлекеттік бағдарламалар мен реформалар жүзеге асып, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды жобалар іске асуда, – деді Нұрлыбек Жеңісбекұлы.
Айта кетейік, биыл мемлекеттік қызмет саласы 25 жас маманмен толықты. Сонымен қатар жоғары оқу орындарының үш үздік түлегі конкурстық іріктеусіз аудандық және ауылдық округ әкімдіктеріне қызметке тағайындалды. Ал Президенттік жастар кадр резервіне енген 13 азамат әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасып, қызметтерін табысты атқаруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1246555?lang=ru

Жауап қалдыру