
Аудандық мәдениет үйінде Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
Мерекеде дәрігерлер, мейіргерлер, фельдшерлер, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мамандары және денсаулық сақтау саласының өзге де қызметкерлері құрметке бөленді.
Аудан әкімдігі атынан медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен аудан әкімінің орынбасары Ермек Дәукенов құттықтап, олардың адал еңбегі мен жауапкершілігіне алғыс білдірді. Сондай-ақ бірқатар қызметкерлерге аудан әкімінің Алғыс хаттарын табыстады.
Іс-шара барысында аудандық ауруханасы басшысының міндетін атқарушының Алғыс хаттары да табысталып, мерекелік кеш аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy/press/news/details/1247157?lang=ru

Жауап қалдыру