АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС 47 СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ағымдағы жылдың 16 маусым күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихат төрағасы М.Тұрабаевтың төрағалығымен және аудан әкімінің орынбасары А.Алдабергеновтың қатысуымен VIІI шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 47 сессиясы өтті. Сессия жұмысына кент және ауыл округтерінің әкімдері, тиісті бөлім басшылары қатысты.
Сессияның күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:
✅ 1. «Шиелі кенті және Ақмая, Ақтоған, Алмалы, Бәйгеқұм, Бәйтерек, Бестам, Еңбекші, Жаңатұрмыс, Жиделіарық, Жөлек, Жуантөбе, Иіркөл, Керделі, Қарғалы, Қоғалы, Майлытоғай, Ортақшыл, Сұлутөбе, Талаптан, Тартоғай, Телікөл, Тұран ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы;
✅2. «Шиелі ауданындағы учаскелік сайлау комиссияларын құрамын сайлау қорытындылары жайлы» Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы №12/3 шешімінің қосымшасына өзгерістер енгізу туралы;
✅3. Шиелі ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы.
Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша аудандық мәслихат депутаттары ұсыныс-пікірлерін білдіріп, бөлім, кент және ауыл әкімдері тарапынан тиісті жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-shieli/press/news/details/1245751?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді