Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2026 жылғы 24 маусым күні аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
 
Отырыс барысында келесі мәселелер қаралды:
1. Уәлиханов аудандық мәслихатының «2026–2028 жылдарға арналған Уәлиханов ауданының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
2. Уәлиханов ауданында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.
3. Аудандық инфрақұрылымды дамытуға бюджеттік инвестициялар туралы (жолдарды жөндеу, ауыз сумен қамтамасыз ету, объектілерді салу және жөндеу, аумақтарды абаттандыру).
4. Аудан аумағында шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі іс-шаралар туралы.
5. Сумен жабдықтау жағдайы және су құбыры желілерін жаңғырту перспективалары туралы.
6. Спорт объектілерінің жай-күйі және бұқаралық спортты дамыту туралы.
7. Аудан тұрғындары арасында скринингтік тексерулерді ұйымдастыру және өткізу сапасы туралы.
 
Баяндамашылардың ақпараттары тыңдалып, депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданып, бірқатар сұрақтар аудандық мәслихат сессиясының қарауына енгізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ualmaslihat/press/news/details/1246908?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді