
«Ауыл аманаты» — бұл ауыл халқының табысын арттыруға, ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы. Бағдарлама ауылдар мен шағын қалалардың тұрғындарына жеңілдікті микрокредиттер беру арқылы жүзеге асырылады.
Бағдарламаның мақсаты ауыл халқының тұрмыс деңгейін көтеру, ауылда шағын бизнесті және өзін-өзі жұмыспен қамтуды дамыту, тұрақты жұмыс орындарын ашу, ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және өнімді қайта өңдеу саласындағы жобаларды қолдау.
Несие берудің негізгі шарттары сыйақы мөлшерлемесі — жылдық 2,5%, несие мерзімі — 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығындағы жобалар үшін — 7 жылға дейін, ең жоғары қарыз сомасы — бір қарыз алушыға 2500 АЕК-ке дейін (10,8 млн теңге), кооперация жобалары үшін — 8000 АЕК-ке дейін (34,6 млн теңге), несиені өтеу бойынша жеңілдікті кезең қарастырылған.
Әлеуетті қатысушылардың назарына ағымдағы жылдың маусым айында қаржыландырудың түсуіне байланысты «Солтүстік» ӘКК «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдауды бастады.
Бағдарлама өз ісін ашуға және дамытуға қолдау алу мүмкіндігін ұсынады.
Барлық мүдделі азаматтарды бағдарламаға қатысуға және өз бизнес-идеяларын жүзеге асыру мүмкіндігін пайдалануға шақырамыз.
Өтінім беру жолы микрокредитке өтінімді amanatnesie.kz сайты арқылы жолдау қажет.Өтінімге өтініш берушінің жеке басын, жобаны, кепілді және тиісті келісімдерді растайтын құжаттарды қоса тіркеу керек.
Кеңес алу және сұрақтар бойынша бағдарлама шарттары, несиелеу талаптары мен өтінім беру тәртібі туралы ақпаратты «Солтүстік» ӘКК арқылы білуге болады. Байланыс телефоны: +7 (7152) 50-27-16
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gmusrep-op/press/news/details/1247785?lang=ru

Жауап қалдыру