АЗИЗХАН ИСМАИЛОВ ЖАУАПТЫ ТҰЛҒАЛАРҒА НАҚТЫ МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаиловтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдер мен жауапты мекеме басшылары қатысты.
Аппарат мәжілісінің күн тәртібінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына қатысты маңызды алты мәселе қаралды.
1️⃣Әскерге шақыру жоспарының орындалу барысы туралы;
2️⃣Көлік салығы берешектерін өндіру және іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы;
3️⃣Ауданның әлеуметтік-экономикалық негізгі көрсеткіштерінің орындалуы және бюджет кірістері мен шығыстарының орындалуы туралы;
4️⃣Орман дала өрттерімен күрес және олардың алдын алу шараларына дайындық туралы;
5️⃣”Ауыл аманаты” бағдарламасы бойынша жобалар мен өзекті мәселелер және ауданға инвестициялық жобалар тарту жұмыстарының 2026 жылға нақты жоспарлары туралы;
6️⃣Аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы.
Мәжіліс барысында жауапты сала басшылары күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндама жасап, атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған міндеттер жөнінде жан-жақты ақпарат берді. Өзекті мәселелер талқыланып, олардың тиімді шешу жолдары айқындалды.
Мәжіліс соңында аудан әкімі Азизхан Исмаилов барлық жауапты бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне белгіленген көрсеткіштердің сапалы орындалуын қамтамасыз етуді, инвестиция тарту жұмыстарын күшейтуді, бюджеттік қаражаттың тиімді әрі мақсатты игерілуін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Сонымен қатар жұмыспен қамту шараларын жандандыру, әскерге шақыру науқанын сапалы ұйымдастыру және берілген тапсырмалардың уақытылы орындалуын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kazygurt-audany/press/news/details/1245672?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді