
19 маусым күні Ақсай қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебінде аудандық білім беру бөлімінің кеңейтілген кеңесі өтті. Кеңеске білім беру бөлімінің қызметкерлері мен білім беру ұйымдарының басшылары қатысты. Жиын барысында білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының жүргізілу жағдайы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану бойынша жүргізілген тексеру қорытындылары және өзекті мәселелер қаралды. Кеңес соңында 2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша білім беру мен тәрбие саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізген білім беру ұйымдарын марапаттау рәсімі өтті.
🔹«Педагогикалық жаңашылдық алаңы» номинациясымен Ақсай қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебі, «Шәкірт жұлдызын жаққан мектеп» номинациясымен Ақсай қаласының №6 мектеп-лицейі марапатталды.
🔹«Үздік зияткер» номинациясы Ақсай қаласының №3 және №1 жалпы орта білім беретін мектептеріне табысталды. «Жаңашыл мектеп – белсенді ата-ана» номинациясына Ақсай қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі лайық деп танылды.
🔹Сондай-ақ «Үздік ауыл мектебі» номинациясымен Кеңтүбек жалпы орта білім беретін мектебі
🔹«Басқару тиімділігі жоғары шағын жинақталған мектеп» номинациясымен Ақбұлақ мектеп-бөбекжай-балабақша кешені марапатталды.
🔹Кітап оқу мәдениетін қалыптастырудағы жетістіктері үшін Ақсай қаласының №8 жалпы орта білім беретін мектебіне «Оқырман мектеп» номинациясы берілді.
🔹«Жылдың үздік қосымша білім беру ұйымы» аталымымен Мектептен тыс жұмыс орталығы марапатталды.
🔹Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында педагогтері жоғары нәтиже көрсеткені үшін Ақсай қаласының №8 бөбекжайы «Білім мен тәрбиедегі үздік нәтиже» номинациясына ие болса, тәрбиеленушілері жоғары жетістік көрсеткені үшін Ақсай қаласының №3 бөбекжайына «Білімді бүлдіршіндер мекені» номинациясы табысталды.
Марапаттау рәсімі білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие жұмысындағы жетістіктерін айқындап, педагогикалық ұжымдарды жаңа белестерге жетелеуге бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-borli/press/news/details/1246120?lang=ru

Жауап қалдыру