Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы стандарттары негізінде жастармен жұмыс істейтін мамандарға арналған семинар-тренинг өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы стандарттары негізінде жастармен жұмыс істейтін мамандардың құқық бұзушылықтың алдын алу, «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы практикалық дағдыларын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті.

Іс-шараға облыстың қала және аудандық Жастар ресурстық орталықтарының мамандары, психологтар, студенттер, волонтерлер және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Семинар барысында жастармен жұмыс істеудің заманауи тәсілдері, профилактикалық қызметтің әдістері және ашық диалог құрудың тиімді құралдары қарастырылды. Сонымен қатар, жастар саясаты, құқық бұзушылықтың алдын алу және жастарды әлеуметтік маңызы бар бастамаларға тарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhastar-basqarmasy/press/news/details/1245801?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді