
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың бастамасымен еліміз бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жүзеге асырылуда. Акцияның басты мақсаты – тұрғындардың назарын табиғаттың ластану мәселесіне аудару, қоршаған ортаның тазалығын сақтау мен қорғауға үндеу, сондай-ақ қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
2026 жылғы 16 сәуірде Бородулиха аудандық мәслихаты аппаратының ұжымы ауқымды сенбілікке белсене қатысты.
Өткізіліп жатқан сенбіліктер өз нәтижесін беруде. Азаматтардың белсенділігі мен отансүйгіштігінің арқасында әрбір ауылымыз таза әрі көрікті бола түсуде.
Осы қарқыннан таймайық, бородулихалықтар! Ауданымызды бірге таза әрі көркем етейік!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/borodulihamaslikhat/press/news/details/1246558?lang=ru

Жауап қалдыру