
Қазақстан Республикасының Ішкі сауда қағидаларына сәйкес және әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік өнімдерінің бағасын негізсіз көтеруге жол бермеу мақсатында ауданның әрбір ауылдық және кенттік округінде мониторингтік топтар жұмыс істейді. Мониторингтік топтардың құрамына аудандық мәслихаттың депутаттық корпусы толық енгізілген.
2026 жылғы 14 сәуірде Бородулиха аудандық мәслихатының төрағасы Урашева Сауле Тұрсынқызы аудандық «AMANAT» партиясы филиалының атқарушы хатшысы Конорбаев Эльдар Төлегенұлымен, Бородулиха ауылдық округінің әкімі Байзақов Мұрат Жекенұлымен және кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Мартаев Альви Әлиұлымен бірлесіп, Бородулиха ауылындағы «Аққу», «Бриз», «Титан», «Арзан», «Фемели» дүкендері мен Сүлубеков ЖК нысанында бірінші кезектегі қажетті азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізді.
Кәсіпкерлермен азық-түлік тауарларының 31 атауы бойынша негізгі өнімдер тобына 10–15 пайыз көлеміндегі рұқсат етілген сауда үстемесін сақтау мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» республикалық акциясын іске асыру аясында кәсіпкерлерге өз нысандарының айналасын ретке келтіріп, іргелес аумақтарды абаттандыру ұсынылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда және тұрақты бақылауда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/borodulihamaslikhat/press/news/details/1246548?lang=ru

Жауап қалдыру