БҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ СЫРЫМ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

БҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ СЫРЫМ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ

26 мамыр күні Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Елдос Набиоллаұлы Сафуллин Сырым ауданына жұмыс сапарымен келді.

Сапар аясында басқарма басшысы Тоғанас елді мекеніндегі күрделі жөндеуден өтетін

В. Шубин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің қазіргі жағдайымен танысып, нысанның алдағы жөндеу жұмыстарының сапалы әрі уақытылы жүргізілуіне қатысты мәселелерді қарастырды. Мектептің инфрақұрылымы, оқу кабинеттерінің жай-күйі және білім алушылар үшін жасалатын қолайлы орта мәселесіне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, Құспанкөл ауылындағы Құспанкөл бастауыш мектебінің ескі ғимаратын барып көріп, қазіргі ахуалы бағаланып, оны алдағы уақытта тиімді пайдалану бағытындағы ұсыныстар талқыланды.

Кездесу барысында ауданның білім саласын дамытуға қатысты бірқатар маңызды мәселелер көтеріліп, алдағы кезеңде жүзеге асырылатын жұмыстардың басым бағыттары айқындалды.

Сонымен қатар, білім сапасын арттыру, білім беру ұйымдарының жағдайын жақсарту және ауыл мектептерін қолдау бағытындағы жұмыстардың жүйелі түрде жалғасатыны атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-syrym/press/news/details/1247568?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді