Бүгін Ұлы Жеңіс мерекесіне орай Сарыкөл ауылдық округінің орталық алаңында “Жеңіс мерекесі – тарихтың айнасы” атты салтанатты шара ұйымдастырылды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тағылымы мол кешке ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері, мектеп оқушылары мен жастар белсенді қатысып, бейбіт өмір үшін жанын қиған майдангерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Іс-шара барысында тағзым алаңына гүл шоқтары қойылып, ауыл имамы ерлікпен қаза тапқан бабалар рухына құран бағыштады. Сонымен қатар ауыл ақсақалдары мен Сарыкөл ауылдық округі әкімшілігінің бас маманы А. Қожахмет сөз сөйлеп, ел қорғаған батырлардың ерлігі ұрпақ жадында мәңгі сақталатынын айтып, жастарға отансүйгіштік тәрбие берудің маңызын атап өтті.

Мерекелік жиын ауыл өнерпаздарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен жалғасып, жиналған қауымға ерекше әсер мен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly-sarykol/press/news/details/1247167?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді