Целиноград ауданында Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекеттік қызметшілер, сот және полиция қызметкерлері күніне орай аудандық мәдениет үйінде салтанатты мерекелік іс-шара өтті.

Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы кәсіби мереке иелерін құттықтап, олардың қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті сақтауға, азаматтардың құқықтарын қорғауға және елдің тұрақты дамуына қосып жүрген зор үлесін ерекше атап өтті.

Іс-шара аясында мемлекеттік қызмет табалдырығын алғаш аттаған жас мамандардың ант қабылдау рәсімі өтті. Ант қабылдау шарасы азаматтарға мемлекеттік қызметтің жоғары жауапкершілігін ұғындыруға, адалдық пен кәсібилік қағидаттарын дәріптеуге бағытталды. Мемлекетке қызмет ету антын берген жас қызметшілер Отанға адал болып, мемлекет мүддесі жолында аянбай еңбек етуге және халыққа сапалы қызмет көрсетуге серт берді.

Салтанатты рәсімге өңірдің дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосқан, саналы ғұмырын мемлекеттік қызметке арнаған сала ардагерлері де қатысты. Олар жас әріптестеріне ақжарма тілектерін арнап, жауапты қызметтеріне табыс пен толағай жетістіктер тіледі.

Сондай-ақ, өз міндетін абыроймен атқарып, қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген бірқатар мамандар аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Шара соңында мемлекеттік қызмет ардагерлеріне де алғыс хаттар табысталды. Ал ант қабылдаған қызметшілер өздеріне артылған сенімді ақтап, берген серттеріне берік болатындарын жеткізді.

Мерекелік кеш концерттік бағдарламамен жалғасып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Елге қызмет ету – үлкен жауапкершілік пен жоғары сенімнің белгісі!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1247827?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді