
Демалушылардың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында Алакөл көлінің жағалау аймағында орналасқан демалыс орындарында, қоғамдық тамақтану және сауда нысандарында профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.
Кәсіпкерлік субъектілерімен өткізілген кездесулер барысында азық-түлік өнімдерінің айналымы кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кәсіпкерлерге азық-түлік өнімдерін сақтау және тасымалдау шарттарын сақтау, тиісті құжаттардың болуы, сондай-ақ сауда және қоғамдық тамақтану нысандарына қойылатын талаптарды орындау қажеттігі түсіндірілді.
Кәісіпкерлердің ақпараттандырылуын арттыру мақсатында жадынамалар мен ақпараттық материалдар таратылды.
Мұндай іс-шаралар санитариялық заңнама талаптарының бұзылуының алдын алуға, сатылатын өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және туристер мен демалушылар арасында тағамнан улану қаупін алдын алуға бағытталған.
Санитариялық қағидаларды сақтау – халықтың қауіпсіз әрі қолайлы демалысын қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsek-zhetisu/press/news/details/1247546?lang=ru

Жауап қалдыру