“Достық” жазғы демалыс лагері өз жұмысын бастады!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

“Достық” жазғы демалыс лагері өз жұмысын бастады!

Бүгін Сырым аудандық білім беру бөлімінің “Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы” мекемесінің ұйымдастыруымен Шағырлыой ауылында аудандық “Достық” жазғы демалыс лагерінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Лагерьдің ашылу салтанатында Сырым ауданы әкімінің орынбасары Серік Тоқмамбетов қатысушыларға ізгі тілегін білдіріп, жас ұрпақтың жан-жақты дамуына бағытталған игі бастамаға сәттілік тіледі.

“Достық” лагері 10 күндік бағдарламамен жұмыс жасап, жаз мезгілінде 6 кезең бойынша балаларды қабылдайды. Лагерь жұмысы шығармашылық, интеллектуалдық және спорттық бағыттарды қамтып, қатысушылардың қабілеттерін шыңдауға, бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және достық қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік береді.

Жазғы демалысты қызықты да мазмұнды өткізуге бағытталған лагеріміздің алғашқы маусымына қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй, жарқын әсер мен жаңа достар тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-syrym/press/news/details/1247542?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді