
Тоқжайлау ауылдық округінде тұрғындарға электрондық мемлекеттік қызметтерді алуға көмек көрсету жұмыстары жүргізілді.Іс-шара барысында қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндіру жұмыстары өткізілді. Тұрғындарға «eGov» порталы арқылы түрлі анықтамаларды алу, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) кілтін ашу және пайдалану бойынша практикалық көмек көрсетілді.Сонымен қатар, азаматтарға мемлекеттік қызметтерді онлайн форматта алу жолдары түсіндіріліп, қажетті кеңестер берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-tokzhailau/press/news/details/1247039?lang=ru

Жауап қалдыру