
Француз инвесторлары Шу ауданындағы жаңартылатын энергия көздерін дамытуға қызығушылық танытуда

Осындай маңызды жобалардың бірі бүгінде Шу ауданында да табысты жұмысын жүргізіп келеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қуаттылығы 100 мегаватт болатын «ШУ-100 МВт» күн электр стансасы француздық «Total Eren» компаниясының бастамасымен іске асырылған. Компанияның Қазақстандағы өкілі әрі «M-Kat Green» ЖШС бас директоры Илья Чернодаровтың айтуынша, стансада орнатылған күн панельдері кемінде 25 жыл бойы үздіксіз қызмет көрсетуге қабілетті.
– Біздің бұл жобаны дәл осы Шу ауданы аумағында орналастыруымыздың екі бірдей себебі бар. Оның алғашқысы – ауданның күн сәулесі белсенділігі жоғары аймақтардың қатарына жатуында болса, екіншісі – мұнда «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының соғылуы. Әлбетте, 500 гектардан аса жерді алып жатқан арнайы экономикалық аймақ толық қуатында жұмыс істегенде электр энергиясына деген тапшылық әжептәуір сезілетін болады. Сондықтан бұл жоба біз үшін де, экономикалық аймақ үш
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum-khantau/press/news/details/1247676?lang=kk

Жауап қалдыру