
HALYK RADIOSY» облыстық радиосының эфирінде департаменттің бас маманы Қуандық Мәдина Ерланқызы радиотыңдаушыларға көкжөтел, күл және сіреспеге қарсы тиімді профилактикалық әдіс ретіндегі вакцинация туралы айтып берді.
Эфир барысында тыңдаушыларға Қазақстанда профилактикалық екпелер Ұлттық вакцинация күнтізбесі аясында тегін жүргізілетіні ескертілді. Иммундау үшін сапасы қатаң бақылаудан өткен, тек тіркелген және сертификатталған вакциналар ғана қолданылады.
Көкжөтелдің алдын алуға ерекше назар аударылды. Бұл – ауа-тамшы жолымен берілетін жұқпалы ауру, әсіресе ерте жастағы балалар үшін қауіпті асқынуларға әкелуі мүмкін. Көкжөтелден, сондай-ақ күл мен сіреспеден қорғау мақсатында Ацеллюлярлы (жасушасыз) көкжөтел-күл-сіреспе вакцинасы қолданылады.
Сонымен қатар, радиотыңдаушыларға күл мен сіреспеге қарсы уақытылы ревакцинация жасау қажеттілігі туралы ескертілді. Бұл ауруларға қарсы иммунитет уақыт өте келе төмендейді, сондықтан ересектерге әр 10 жыл сайын екпе алу ұсынылады.
Бұдан бөлек, жарақат алғанда, тілініп қалғанда, жануарлар тістегенде және жараға топырақ түскен жағдайда медициналық көмекке уақытылы жүгіну және сіреспеге қарсы соңғы екпе алған күнді нақтылау қажет екені атап өтілді.
Өз денсаулығыңызды және жақындарыңыздың денсаулығын күтіңіздер!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1247255?lang=ru

Жауап қалдыру