
Шығыс Қазақстан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің базасында Департаменттің аумақтық басқармаларының эпидемиологиялық бейіндегі мамандарына арналған «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау-қадағалау қызметін жүзеге асыру туралы» тақырыбында гибридті форматта оқыту семинар-тренингі өткізілді.
Іс-шара мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, практикалық дағдыларын жетілдіру және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау-қадағалау қызметін жүзеге асыру кезінде бірыңғай тәсілдерді қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.
Семинар барысында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүргізудің өзекті мәселелері, сондай-ақ қолданыстағы заңнама нормаларын қолдану тәртібі қарастырылды.
Семинар жұмысына Департаменттің аумақтық басқармаларының эпидемиологиялық бейіндегі мамандары қатысты.
Осындай іс-шараларды өткізу ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға, мамандардың кәсіби әлеуетін нығайтуға және өңір тұрғындарының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/press/news/details/1247535?lang=ru

Жауап қалдыру