Ирактың Әділет министрлігінде Қазақстан азаматтарының мүдделерін қорғау және құқықтық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бағдад, 2026 жылғы 22 маусым – Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі және Ирак Республикасында Елші қызметін қоса атқарушы Талғат Шалданбай Ирактың Әділет министрі Халид Шуванимен кездесу өткізді.

Сұхбат барысында тараптар екіжақты қатынастардың шарттық-құқықтық базасын кеңейту және екі елдің салалық мемлекеттік органдары арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерімен бірге құқықтық саладағы Қазақстан-Ирак ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.

Құқықтық ынтымақтастық саласында пысықталудағы екіжақты құжаттарға, оның ішінде сотталған адамдарды беру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, қазақ тарапы өзара мүдделілік тудыратын консулдық-құқықтық сипаттағы белгілі бір мәселелерді көтеріп, екі мемлекеттің құзыретті органдары арасындағы ынтымақтастықты әрі қарай нығайтуға қызығушылық білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар келешекте құқықтық саладағы Қазақстан-Ирак ынтымақтастығын әрі қарай кеңейтуге және екіжақты шарттық базаны дамытуға өзара мүдделілігін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-amman/press/news/details/1245606?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді