
Жетісу облысы аумағында өткізілген «Ішімдіксіз ауыл» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өңірімізде құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында бірқатар кешенді жұмыстар жүргізілді.
Іс-шара барысында тұрғындар арасында алкоголь өнімдерінің зияны, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша кең көлемді түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Сонымен қатар қоғамдық орындарда және құқық бұзушылықтар жиі орын алуы мүмкін аумақтарда профилактикалық шаралар өткізілді.
Жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде акция кезеңінде ауыр қылмыстарға, оның ішінде кісі өліміне қатысты фактілер тіркелген жоқ. Қоғамдық тәртіп толық бақылауда болып, азаматтардың қауіпсіздігі сенімді қамтамасыз етілді.
Адам өмірі мен қауіпсіздігі – басты құндылық. Қоғамдық тәртіпті сақтау мен салауатты өмір салтын насихаттауға үлес қосқан барлық тұрғындарға алғыс білдіреміз.
Тәртіп пен қауіпсіздік – ортақ жауапкершілік.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhanama/press/news/details/1246601?lang=ru

Жауап қалдыру