
Келес ауданындағы Біртілек ауылдық округіне қарасты Көлтоған елді мекенінде тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту және ауыл инфрақұрылымын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Соңғы жылдары ауылда жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, әлеуметтік нысандар салу, ағын су жүйелерін жақсарту және спорттық инфрақұрылымды дамыту бойынша нақты жобалар қолға алынып, оң нәтижелер беруде.
2024 жылы ауылдың 3700 метр көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толықтай асфальт жабындысы төселді. Сонымен қатар, М.Өзтүрік, Сауран, Алтын Орда және Бәйтерек көшелерінің жалпы ұзындығы 5740 метр бөлігінде шағал тас төселіп, ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылды.
Ауылішілік жолдардың сапасын одан әрі жақсарту мақсатында 2026 жылға арналған жобалар да әзірленді. Атап айтқанда, М.Өзтүрік, Сауран, Алтын Орда және Ғазиз көшелерінің 6395 метріне асфальт төсеуге арналған жобалық-сметалық құжаттар толық дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Қазіргі таңда аталған жұмыстарға қаржы қарастыру мәселесі қаралуда.
Көлтоған ауылында тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстардың бірі – көшелерді жарықтандыру. 2025 жылы жалпы ұзындығы 4 шақырым болатын көшелерге заманауи жарықтандыру шамдары орнатылып, пайдалануға берілді. Әлеуметтік салада да маңызды жобалар жүзеге асырылды. 2025 жылы ауыл орталығынан жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт салынып, пайдалануға тапсырылды.
Ауыл шаруашылығы саласында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2025–2026 жылдары Біртілек ауылдық округі аумағында жалпы ұзындығы 60 шақырым болатын каналдар мен қашыртқылар мемлекет есебінен тазаланып, қазу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде шамамен 20 шақырымы Көлтоған елді мекеніне тиесілі.
Балалар мен жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және бұқаралық спортты дамыту мақсатында жаңа нысандар салу жоспарланып отыр. Балалар ойын алаңын салу үшін арнайы жер телімі бөлініп, мемлекеттік актісі рәсімделді. Сонымен қатар, М.Өзтүрік көшесінің бойынан кіші футбол алаңшасын салуға арналған жер учаскесіне мемлекеттік акт алынып, қажетті сметалық құжаттар әзірленді. Қазіргі таңда жоба бюджеттік өтінімге енгізілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1245576?lang=ru

Жауап қалдыру