
Nazarbayev University-де Қазақстанның түрлі салаларындағы әйел көшбасшыларға арналған Women Leadership Development Programme (WLDP) Executive Education бағдарламасы өз жұмысын бастады. Бағдарлама жоғары білім беру, мемлекеттік басқару, бизнес және қоғамдық сектордағы әйелдердің көшбасшылық әлеуетін дамытуға бағытталған.
120 сағатқа жоспарланған оқу аралас форматта өтіп, стратегиялық басқару, мемлекеттік саясат, қаржылық менеджмент, келіссөздер жүргізу, шешім қабылдау, ұйымдық трансформация және жеке көшбасшылық бағыттарын қамтыды. Бағдарламаның ерекшелігі – «Жасанды интеллект дәуіріндегі әйел көшбасшылығы» атты бірегей модульдің енгізілуі.
Жоба Nazarbayev University-дің Graduate School of Education, Graduate School of Public Policy және Graduate School of Business мектептерінің бірлесуімен әзірленген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetisy-maslihat/press/news/details/1246749?lang=ru

Жауап қалдыру