Медицина қызметкері күні қарсаңында біз халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету жолында ұзақ жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан жандар туралы әңгімелеуді жалғастырамыз.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгінгі кейіпкеріміз қырық жылдан астам еңбек өтілі бар тәжірибелі маман Алимжанова Фарида Шамшиевна. Оның бүкіл еңбек жолы санитариялық-эпидемиологиялық қызметпен тығыз байланысты.

Фарида Шамшиевна еңбек жолын 1985 жылы Көкшетау медициналық училищесін «санитариялық фельдшер» мамандығы бойынша тәмамдағаннан кейін бастады. Жас маман ретінде ол Көкшетау облысының Ленин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясына санитариялық дәрігердің көмекшісі болып жұмысқа орналасты.

1998 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Фарида Шамшиевна Көкшетау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында бас маман қызметін атқарып келеді. Қызмет еткен жылдары оның жұмысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру, санитариялық талаптардың сақталуын мониторингтеу, халықпен және ұйымдармен жұмыс жүргізу секілді маңызды бағыттарды қамтыды.

Көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі, жауапкершілігі мен өз ісіне деген шынайы берілгендігі әріптестері мен басшылықтың, сондай-ақ бірге еңбек еткен жандардың зор құрметіне ие болуына негіз болды. Оның мол тәжірибесі мен күрделі жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білуі жас мамандар үшін үлгі болып келеді.

Санитариялық қызмет Фарида Шамшиевна үшін жай ғана жұмыс орны емес, өмірінің маңызды бөлігіне айналып, өзінің кәсіби қызметінің ең жарқын жылдарын осы салаға арнады.

Кәсіби мереке қарсаңында Фарида Шамшиевнаға көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және таңдаған ісіне деген беріктігі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Оған зор денсаулық, отбасылық амандық, бақ-береке мен бақыт тілейміз.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1245664?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді