
МЕЙІРХАН АДАМБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ДӘСТҮРЛІ ӘН ОРЫНДАУШЫЛАР БАЙҚАУЫ
Қазақ мәдениеті мен өнерінің ту тіккен ордасы – киелі Қарқаралыда қасиетті жеріміздің парасатты перзенті, саф алтынның сынығы, өнердің өрен жүйрігі, Арқаның қазақ ән өнерінде өзіндік өрнегін қалыптастырған арда әнші Мейірхан Адамбеков атындағы облыстық дәстүрлі ән орындаушылар байқауы өтеді.
Байқаудың мақсаты – Мейірхан Адамбековтің шығармашылық мұрасын келер ұрпаққа насихаттау, дәстүрлі ән өнерін дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып, елін, жерін, салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын құрметтейтін азаматтарды тәрбиелеу.
Байқауға халық әндері мен халық композиторлары Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Мәди, Шашубай, Естай, Ғазиз, Үкілі Ыбырай, Сегіз сері, Жүсіпбек Елебеков, сондай-ақ Абай әндерін ұлттық нақышпен орындауға қабілетті 16-35 жас аралығындағы өнерпаздар қатыса алады.
Жүлде қоры:
Бас жүлде – 1 000 000 теңге;
І орын – 500 000 теңге;
ІІ орын – 300 000 теңге;
ІІІ орын – 200 000 теңге;
Дипломант – 100 000 теңге.
Өтетін орны: Қарқаралы қаласы, Ш. Жандарбекова атындағы мәдениет үйі.
Өтетін күні: 2026 жылғы 1 шілде.
Басталу уақыты: сағат 10:00.
Дәстүрлі ән өнерін дәріптеп, өнер атты алып мұхитқа өз ән-ағысын қосып, «Мейірханның ән мектебін» қалыптастырған, талай ұрпаққа үлгі-өнеге болған ел ардақтысының туған күні – 1 шілдеде Қарқаралыда жүздесейік!
Қосымша ақпарат:
Тел.: 8 778 720 63 13
E-mail: [zhandarbekova.kdc@mail.ru](mailto:zhandarbekova.kdc@mail.ru)
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-karkaraly-abdirov/press/news/details/1246574?lang=ru

Жауап қалдыру