«Мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері»

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Шығыс Қазақстан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті «Мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері» тақырыбында Департаменттің аумақтық бөлімшелері үшін еңбек гигиенасы, радиациялық гигиена, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, тамақтану гигиенасы, коммуналдық гигиена бағыттары, сондай-ақ техникалық регламент бағыты бойынша ZOOM-конференциясы арқылы онлайн форматта семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңес барысында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жетілдіру мәселелері, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау нысандары, тергеп-тексеру және жедел ден қою шаралары аталды және талқыланды. Сондай-ақ, тамақтануға, тұруға, медициналық көмекке, білім беруге, тәрбиелеуге, балаларды сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын субъектілерге (объектілерге) қатысты ерекше бақылау мен қадағалау және өнімді бақылау мақсатында сатып алу қорытындылары бойынша тергеп-тексеру жүргізу ерекшеліктері мәселелері қаралды.
Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша барлық қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.
Осындай семинар-кеңесті өткізу Депратаменттің санитарлық бөлімдері қызметінің тиімділігін арттыруға, бақылау-қадағалау қызметіне бірыңғай тәсілдерді әзірлеуге және жұмыстың басым бағыттарын айқындауға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/press/news/details/1247529?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді