
Мемлекеттік қызмет – бұл тек құжаттар, есептер мен жұмыс кеңестері ғана емес. Ең алдымен, бұл – қоғам үшін маңызды міндеттерді күн сайын шешетін, қабылданған шешімдер үшін жауапкершілік арқалайтын және өз еңбегі арқылы мемлекеттік институттардың тиімді жұмыс істеуіне үлес қосатын адамдар.
Мемлекеттік қызметші күні қарсаңында біз оқырмандарды кәсіби жолы ерекше назар аударуға лайық қызметкерлермен таныстырамыз. Солардың бірі – Көкшетау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Қуанышбеков Медетбек Дәуренбекұлы.
Медетбек Дәуренбекұлы мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2018 жылы Астана медицина университетін «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша тәмамдағаннан кейін бастады. Жас маман еңбек жолын Көкшетау қалалық басқармасында бастап, мамандықтың қыр-сырын меңгеріп, алғашқы тәжірибесін жинақтады.
8 жыл ішінде ол бас маманнан басқарма басшысына дейінгі кәсіби жолдан өтті. Қызметтік өсудің әрбір кезеңі оның дамуына, жаңа білім мен тәжірибе жинақтауына және үлкен жауапкершілікті өз мойнына алуына мүмкіндік берді. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы жұмыс кәсіби дайындықпен қатар, жедел шешім қабылдауды, ұқыптылықты және адамдармен тиімді қарым-қатынас орната білуді талап етеді.
Бүгінде Медетбек Дәуренбекұлы Көкшетау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқарасын басқарады. Бұл қызметтің артында жылдар бойғы табанды еңбек, үздіксіз білім жетілдіру және жүктелген міндеттерді сапалы орындауға деген ұмтылыс жатыр.
Әріптестері оны жауапкершілігі, ұйымдастырушылық қабілеті және күрделі жағдайларда сабырлылық сақтай білетін қасиеті үшін жоғары бағалайды. Ол әрдайым ашық диалогқа дайын, қызметкерлерге қолдау көрсетіп, жұмыс барысында туындаған мәселелерді шешуге көмектеседі. Жас мамандар үшін оның еңбек жолы табандылықтың, білімге деген құштарлықтың және жұмысқа адал көзқарастың алға қойған мақсаттарға жетуге жол ашатынын көрсететін жақсы үлгі болып табылады.
Медетбек Дәуренбекұлының еңбек жолы мемлекеттік қызметтің негізінде өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, туған қаласының тұрғындарының әл-ауқаты мен елдің дамуына үлес қосатын адамдардың күнделікті еңбегі жатқанын айқын көрсетеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1245693?lang=ru

Жауап қалдыру