
2026 жылдың 23 маусымында Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шараның ашылуында Департамент басшысының міндетін атқарушы Қаныш Назарымбетов ұжымды кәсіби мерекемен құттықтап, мемлекеттік қызметтің қоғам алдындағы жауапкершілігі мен маңыздылығына тоқталды.
Мерекелік жиын барысында мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған мамандар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісі антын қабылдап, ел игілігі жолында адал қызмет етуге ант берді.
Сонымен қатар Департамент қызметкерлерінің ата-аналарына ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі мен қолдауы үшін алғыс білдіріліп, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алғыс хаттары табысталды.
Сондай-ақ 2026 жылғы 5 қаңтардан бастап бастау алған «Халық бухгалтері» республикалық акциясына белсенді қатысып, бизнес өкілдерінің қаржылық және салықтық сауаттылығын арттыруға үлес қосқан бухгалтерлер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Мерекелік шара мемлекеттік қызметтің мәртебесін арттыруға және өз ісіне адал қызмет етіп жүрген мамандардың еңбегін дәріптеуге бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-ulytau/press/news/details/1246603?lang=ru

Жауап қалдыру