
🔹2026 жылғы 22 маусымында Әділет департаментінде Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметтің дамуына елеулі үлес қосқан қызметкерлерге Қостанай облысы әкімінің грамоталары және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің алғыс хаттары табысталды.
🔹 Құттықтау сөзбен Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің басшысы Е.А. Салықбаев және әділет органдарының ардагері Р.Х. Салықбаев сөз сөйледі.
🔹Мереке аясында жас мамандар мемлекеттік қызметшінің антын қабылдады. Сондай-ақ жас мемлекеттік қызметші Н.А. Асқарованың ата-анасына қызына өнегелі тәрбие бергені және оның қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен атқаруына ықпал еткені үшін алғыс хат табысталды.
Салтанатты іс-шара мемлекеттік қызметтің жоғары маңыздылығын, оның өкілдерінің кәсібилігін және ұрпақтар сабақтастығын тағы бір мәрте айқындады.
Костанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасез кызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1245635?lang=ru

Жауап қалдыру