
Мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және мемлекеттік қызметтің мәртебесін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Орал қаласы әкімдігімен бірлесіп, Мемлекеттік қызметшілер күніне орай мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері арасында «Ана тілім – арым» атты байқау өткізілді.
Аталған байқауда Казталов аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы Наурызова Айдана Айғалиқызы жоғары деңгейдегі білімі мен мемлекеттік тілді жетік меңгергендігін көрсетіп, ІІ орынға ие болды.
Сондай-ақ, байқауға белсенді қатысқаны үшін Сырым аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Хамидуллина Алия Умирзаковна және Шыңғырлау аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы Абакова Асем Кадирбековна Алғыс хаттармен марапатталды.
Әріптестерімізді жетістіктерімен құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zko/press/news/details/1245915?lang=ru

Жауап қалдыру