Мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық спартакиадада Департамент командасы жоғары нәтиже көрсетті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🏆🏆🏆 2026 жылғы 19 маусымда Тараз қаласында «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне» арналған мемлекеттік қызметкерлер арасында облыстық спартакиада өтті;
🔹 Облыстық спартакиада спорттың тоғыз түрінен (кіші футбол, волейбол, тоғызқұмалақ, үстөл теннис, жүзу, шахмат, қазақ күресі, кибер спорт және баскетбол) өтті. Спорттық іс – шараларға жалпы 20 құрама командалар қатысып, солардың ішінде Кірістер  департаментінің командасы жалпы командалық – 3 ші орынды иеленді.

🔹 Спартакиадаға департаменттен жалпы 42 спортшылар қатысып, департамент қызметкерлері командалық спорт түрлерінен кіші футбол және баскетбол (ерлер) жарысынан жүлделі 2-ші орындарды иеленді.

Сонымен қатар, жекелей жарыс түрлерінен келесі қызметкерлеріміз жүлделі орындарға ие болды.

-Шахматтан ерлер арасында Сейлхан Бәшен Рахманұлы – 1-ші орын.

-Жүзуден ерлер арасында Умбетбаев Әбдікәрімсәти Ерланұлы – 1-ші орын.

-Жүзуден қыздар арасында Дуйсебаева Айжан Амангельдыевна – 2-ші орын.

-Қазақ күресінен 74 кг салмақта  Сайлау Алдияр Миятбекұлы – 2-ші орын.

-Қазақ күресінен 100 кг салмақта  Кенжебеков Ержан Сарсенбекович – 2-ші орын.

-Үстел теннисінен қыздар арасында Жанабаева Асель Бахытовна – 2-ші орын.

Департаменттің қызметкерлері тек кәсіби маман ғана емес, сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстанатын, белсенді әрі, өз ұжымының абыройын биік ұстайтын тұлға екенін дәлелдеді;

 🔹 Спартакиаданың мақсаты – мемлекеттік қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыруды дамыту және командалық рухты нығайту.

Жамбыл облысы бойынша МКД

Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1246396?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді